Польша Ресей мен Беларусь жүк көліктерін шекарасынан өткізбейтін болды
Польша Беларусь пен Ресейде тіркелген жүк көліктерін биыл 1 маусымнан бастап шекарасынан өткізбейді. Мұндай бұйрыққа Польша ішкі істер министрі Мариуш Каминский қол қойған.Бұған дейін Польша билігі Беларусьтің 365 азаматына санкция салған. Оларға Польша жері мен Шенген аймағына кіруге тыйым салынып, Польшадағы активтері бұғатталған. Мұны Беларусь журналисі, шыққан тегі поляк және Беларусьтегі поляктар одағының белсендісі Анджей Почобутаға кесілген үкімге байланысты жасап отыр.Ақпан айында Гродно қалалық соты оны "араздық туғызды" деген айыппен сегіз жылға соттап, қатаң режимдегі колонияға қамаған. Варшава мұны саяси астары бар процесс деп атап, Беларусь билігінің Польшаға қарсы әрекетіне дәлел деп есептейтінін мәлімдеген.
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
14 қыркүйек 2024
14 қыркүйек 2024
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар