Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ресей мұнайын тасымалдайтын танкерлер геолокациясын жасыра бастады

azattyq.org

Ресей мұнайын тасымалдайтын танкерлер геолокациясын жасыра бастады

Ресей мұнайын Қытайға тасымалдайтын бірнеше танкер Ресей портынан шикізат тиегенін бүркемелеу үшін геолокация сигналын жасырған. Бұл оған Америка санкциясын айналып өтуге мүмкіндік береді деп жазды The New York Times басылымы.Басылым картада "Жапонияның Ниигата портында тұрғанын" көрсеткен үш кеме шын мәнінде Ресейдің Козьмино портында тұрғанын анықтаған. Мұны журналистер спутник картасы мен әлеуметтік желідегі жазбаларды зерттей отырып анықтаған. Жапония мен Ресей порттарының арасы – 737 шақырым.Козьминодағы терминал Шығыс Сібір – Тынық мұхиты құбыр желісі бойынша мұнай тасымалдайды. Бұл құбырмен жеткізілетін шикізаттың орташа бағасы – "Үлкен жетілік" елдерінің Ресей мұнайына белгілеген шекті бағасы – барреліне 60 доллардан артық. Баррелі 60 доллардан артық сатқан танкерлерді Батыс компаниялары сақтандырмауы керек.The New York Time басылымы Ресей портына кіргенін жасырған тағы үш кемені анықтаған. Олар не тасымалдағанын зерттеушілер анықтай алмаған. Барлық алты кемені Американың American Club сақтандыру компаниясы сақтандырған. Оның өкілі басылымға "санкцияны бұзған жағдайда сақтандыру құжаты жарамсыз болып қалатынын" айтқан. Алайда басылым мақаласы жарық көргенге дейін сақтандыру құжаттары күшінде болған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024