Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«АЭС құрылысы Қазақстанға не береді?»: Танымал сарапшы уранды игеру жолдарын ұсынды

kaz.caravan.kz

«АЭС құрылысы Қазақстанға не береді?»: Танымал сарапшы уранды игеру жолдарын ұсынды

Осы орайда, Caravan.kz тілшісі Ядролық физика институтының бас директорының ғылым жөніндегі орынбасарымен Данияр Маралұлымен сұхбаттасқан еді. - Данияр Маралұлы, алдағы уақытта Қазақстанда АЭС салынады және оған экологтар мен халық қарсы екенін білесіз... Осы орайда олардың бұлай дабыл қағуына себеп бар ма? Экология жайы не болмақ? Жалпы елдегі энергия тапшылығын жоюдың бұдан басқа жолы жоқ па? Бұл жерде мынадай мәселе бар, мысалы шөлде тұратын елден күн энергиясын, кей елдер жел энергиясын пайдаланады. Қазақстан жылына 20 мың тоннадай уранды шет мемлекеткеттерге шығарып отыр. Ол қаншалықты экологияға зиян келтіреді дегенге таң қаламын. Бұл жерде экологтар қаншалықты күкірт қышқылы кететінін неге нақты есептемейді деген сұрақ туындайды. Мысалы біз көктем бойы егін егіп, оны баптап, күтіп өсіріп, күзде орамыз, сол бидайды құр өзін шет мемлекеттерге сатамыз, олар Қазақстаннан сол бидайды сатып алып, ұн өнімдерін жасап, бізге мемлекетке қайта сатады. Екіншіден экологиялық тұрғыда ең таза энергия ол – атом энергиясы. Қазір көптеген әлемнің алпауыт елдері осы салаға миллиардтаған қаржы құйып жатыр. Ал жел және күн энергиясы қосымша жүреді, және олар экологиялық жағынан тиімді, жасыл энергия дегеніне сенбеймін. Себебі тек күн батареясын жасау үшін, аффинаж жасалады, одан монокристалл бөлініп шығарылады. Ол экология үшін өте зиянды дүние. Сол сияқты кез келген көлік, поезд, ұшақ және т.б. жүріп, қозғалу үшін, жартылай өткізгіш құралдары қолданылады. Ал жартылай өткізгіш жасау үшін, өте таза 99.99999% кремний алу керек. Осы технологияны жасау бойынша қазақстандық ғалымдар жұмыстар жүргізіп жатыр. Мәселен біз таза кремнийдің көмегімен, соңғы алты жылда жартылай өткізгіш жасау технологиясын игердік. Әлемде қазір өте қымбатқа бағаланатын, жоғары сұраныстағы жартылай өткізгіштерді жасауға болады. Немесе қаржы бөліп, ғылыми эксперимент/тәжірибе жасау арқылы одан микро чип дайындауға болады. Қателеспесем Қазақстан қазіргі таңда шетелге 45 - 65 мың тонна құм сатады. Ол құмның бір келісін 1 долларға сатады екенбіз. Оны бізден алып жатқан, Қытай елі. Шетелде құмнан алдымен аффинаж жасалынады, ол дегеніміз құмның ішінен силициумды бөліп алу, тазарту. Содан таза монокристалл өсіреді, міне соны біз нейтрондармен сәулелендіру арқылы одан жартылай өткізгіш немесе микро чип жасай аламыз. АЭС іске қосылғаннан кейін оның қуаты қандай болады? Яғни елдегі энергия тапшылығы мәселесі АЭС салынған соң, толығымен жойыла ма? Біздегі АЭС екі блоктан салыну жоспарлануда. Біріншісі – 1200/2400 МБ энергия қуатын береді, ол 2035 жылы салынып біткеннің күннің өзінде, Қазақстанға беретін энергия қуаты 10 пайыздан да аз болады. Біз осыншалықты уранның үстінде отырып, осыдан 30 жыл бұрын бұған көңіл бөліп, АЭС салуымыз керек еді. Қазіргі «Қазатомпром» сияқты 30 жыл бойы шикізатты ғана сатпай, бағана айтқанымдай, бидайды егіп, тек соны сату ғана емес, одан ұн, тоқаш жасап, сатып, үйренуіміз керек еді. Оған біздің жердің толық потенциалы бар. Өйткені Ядролық физикалық институтының құрылғанына 66 жыл болды. Кезінде Қ.И. Сәтпаев академик Курчатовқа ашық хат жазып, Қазақстанда осы институт пайда болды. Біздің басқа ғылыми Институттарды бірінші және ең басты айырмашылығымыз – біз іргелі, қолданбалы зерттеулер ғана жасап жатқан жоқпыз, бізде өндіріс бар. Яғни ғылыми-зерттеу жұмыстары ғана емес, бізде соның толық циклы бар. Мысалы біз радиоизотоптар шығарамыз. Шындығында келгенде атом энергиясын пайдаланудың жолдары көп және біз соны енгізіп жатқан бірден-бір институтпыз. - Қандай өнімдер? Оны шығару үшін қолдау көрсетіліп жатыр ма? Ол өнімдер эспорттала ма? Ядролық физика институты Қазақстандағы ядролық медицинаның қозғаушы күші болып табыламыз. Неге? Біз қазір таңда онгологиялық және басқа да әлеуметтік аурулардың диагностикасын жасау және емдеу үшін, түрлі радиофармпрепаратты дәрі-дәрмектерді жасап шығарамыз. Оны Қазақстанда: Алматыдағы үш орталық, Семейдегі онкологиялық орталық, Астанадағы екі орталық және Шымкентте ашылатын диагностикалық орталықтарға тасымалдаймыз. Міне осы орталықтардың бәріне біз дәрі-дәрмек жеткізіп тұрамыз. Және болашақта осы дәрілердің түрін көбейту мүмкіндігіміз де бар. Бірақ бізге кедергі келтіріп отырған бір себеп - ол Қазақстандағы ядролық медицинаның баяу дамуы. Мысалы молибден 99/генератор радиофармпрепараттын шығарамыз, бұл онкологиялық аурудың алдын алатын, оны 80 пайызға анықтайтын дәрі. Осы дәрі бізде 1000 АҚШ доллары тұрса, көршілес Ресейде 1,5 млн теңгені құрайды. Ал Еуропада бұл дәрінің бағасы кем дегенде бізден 5 есе жоғары. Бірақ өкінішке орай, мына қарқынмен біз оны ешқашан шетелге шығара алмаймыз. Өйткені біріншіден өндірісті күшейту керек, ал ол үшін біз алдымен жаңа технологияларға көшуіміз керек. Қазақстанда әзірше ондай мүмкіндік өкінішке орай болмай тұр. - Сонда өндірістің жабдықталуы нашар ғой? Ғылымда активациялық және жарықшақтық әдіс бар. Екіншісінің бірінші әдістен пайдалылығы, оның қуаттылығы кем дегенде 200-300 есе көп болады. Егер осы әдісті игеретін болсақ, онда Ядролық институттің жылына кем дегенде 10 млн АҚШ долларға дейін дайын өнім шығара алады, ал егер болашақта сол технологияны жөнді жолға қойып алсақ, онда өнімді млрд АҚШ долларға дейін жеткізуге болады. Ондай мүмкіндік бізде бар! - Бұл технологияны енгізу үшін қаржы тапшы болып отыр ғой? Біз ол қаржыны күтіп отырған жоқпыз. Былтыр тамызда Бельгиядағы молибденді ең көп өндіретін компанияны Қазақстанға шақырдық. Биыл қаңтар айында олар осында келіп, бір апта бойы зерделеп, тиімділігі жоғары технологиялармен бөлісуге келісіп отыр. Бельгиялықтар болмаса да, осы технологияны қолға алуды жоспарлап отырмыз. Тағы бір айта кетерлігі, жарықшақтық әдіспен үш радио дәрі-дәрмек өндіруге болады. Ол молибден, йод және кіші «киномнан» жасалатын дәрі. Бұл АЭС-пен бірдей есеп. Уранды нейтрондармен «аспау» арқылы осы үш дәрі-дәрмекке қажет заттарды бөліп алуға мүмкіндік бар. Ол 10 пайыз, қалған 90 пайызы АЭС-тің радио қалдықтары құрайды, оның ішінде кем дегенде 70 пайызы уран өнімдері болып табылады. Егер осыны қайтадан сүзіп алу технологиясын игеретін болсақ, онда әлемде бұл технологияны білетін тек Ресей және Франция, елдерінің қатарында Қазақстан үшінші ел болушы еді. Әлемде қазір 440 АЭС бар, қосымша тағы 130 энерго блоктары тағы салынып жатыр. Бас-аяғы сонда 570 АЭС болуы мүмкін. Егер біз қалдықтарды қайта өңдеу, сүзуді үйреніп алсақ, «Қазатомөнеркәсіп» осымен-ақ шикізат сатуды тоқтата алады. Осымен-ақ Қазақстан дамушы елден, дамыған елге көшіп кете алатын мүмкіндік бар. Бұл жерде екі нәрсе бар, біріншісі – жартылай өткізгіштер арқылы микрочиптерді өндіру, екіншісі – қайта өңдеу. Біздің институтта осындай бірнеше жоба бар. Мысалға, Тайваньның әлемде микрочип өндіруден алғашқы орында тұруы – ол ел барлық жаңа технологиялармен жабдықталған. Сол технологиялардың ең болмағанда біреуін Қазақстанға әкелсек, осылай микрочип өндіру арқылы ғана Қазақстанға миллиардтаған доллар табыс табуға болатын еді. - АЭС құрылысында қай елдің тәжірибесіне сүйенген дұрыс әрі қай ел салады деп ойлайсыз? Ел арасында "Росатом" салады деген сыбыс бар, бұл қаншалықты рас? Қазақстан таңдаған АЭС түрі – ең қауіпсіз түр. Біздің таңдаған АЭС түрі – ол су энергетикалық реакторы арқылы жұмыс істейтін станция. Ол нені білдіреді? Бірінші контурда да, екінші контурда да су болады деген сөз. Мұндай алғашқы реактор 1957 жылы АҚШ-та салынса, КСРО-да ол 1964 жылы салынды. Одан кейін басқа елдерде де осындай реактор түрлері салына бастады. Бірақ мұндай АЭС-терде ешқашан апат болған емес, себебі ол барлық жағынан өте қауіпсіз. Чернобыльдағы оқиғадан кейін, АЭС-ке қойылатын талаптар күшейді. Соның арқасында біз таңдап отырған су энергетикалық реакторы барлық жағынан қауіпсіз болып отыр. Бізде жалпы қауіпсіздіктің үш түрі бар. Оның біріншісі – ғимарат. Оған тіпті әлемдегі ең үлкен, екіқабатты ұшақ келіп түскен күннің өзінде, ғимарат қирамай, соққыға шыдай алады. Екіншісі, егер оқыс оқиға орын алып, реактордың қазандығы еріп кететін болса – онда соның астында фундаменттен құйылған дүние бар, соған уран ағып барады да, оның беті жабылады. Үшіншісі, мысалы реактор қазандығының ішінде ядролық реакциялар жүріп жатыр делік. Оларды жүргізу үшін нейтрон көздері қажет. Егер қауіпті жағдай пайда болатын болса, онда нейтрон көздерін алып шығып, оның орнына графиттер қойылады. Сөйтіп тізбектік реакциясы тоқтайды . Осылайша реактордың қауіпсіздігі ең жоғары, сапалы деңгейде қамтамасыз етіледі. Міне осындай реактор типін Қазақстанда салу жоспарланып отыр. Қазақстанға АЭС салуға төрт ел дәмеленіп отыр. Ол Қытай, Оңтүстік Корей елі, Франция және Ресейдің «Росатомы». Десе де Ресейге жарияланып жатқан шектеулер қазір «Росатомға» да жетті. Ол жерде басқару жүйелері әр түрлі. Соның бірі – электроника. Электрониканың бәрі жартылай өткізгіштерден жасалады. Жартылай өткізгішті Қазақстан түгіл, Ресей шығара алмайды. Сондықтан қазір «Росатомға» шектеу қойылатын болса, олар АЭС-ті 10 жылдың ішінде салып үлгермеуі мүмкін. . Біздегі АЭС-тің меніңше тек бір кемшілігі АЭС Алматы қаласынан 380-400 шақырым жерде тұр. Ал ол жақтан басқа өңірлерге энергия таратылатын болса, электр тоғы сымдардың бойымен жүреді, 400 шақырымға, кабелдің бойымен энергияның 30 пайызына дейін жоғалтатын боламыз. Қазақстандықтар энергияны дұрыс қолдана да білмейді. Мысалы дыбыстық хабарламаны бір адам жазып, сақтап, екінші адамға жібергенде, ол тасымалданып екінші адамға кетеді, ол оны тыңдайды. Міне осының бәріне кеткен электр энергиясы 1 литр суды қайнатуға кететін энергиямен бірдей. Ал біздің қанша қазақстандық осы энергияның бәрін жаратып жатыр. Оның орнына АЭС сияқты өндіріс орнын салған дұрыс емес пе? Себебі халық түнде ұйықтайды, ол кезде электр энергиясын ешкім қолданбайды, ал АЭС-ті түнде сөндіріп тастай алмаймыз ғой? Сондықтан экономиканы дамыту үшін, Қазақстан АЭС-ті баяғыда салып, өндірісті қолға алу керек еді. - Өткенде ғана елімізге МАГАТЭ - Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агентті басшысы келіп кеткенін білеміз, өзіңізде сол кездесулерге қатыстыңыз. Ядролық физика институтының директоры ретінде МАГАТЭ басшылығының елге келуі бізге
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 қазан 2024