Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Урал" автозауытын сатқан ресейлік кәсіпкер кәсібін Қазақстан мен Өзбекстанда жүргізбек

azattyq.org

Урал автозауытын сатқан ресейлік кәсіпкер кәсібін Қазақстан мен Өзбекстанда жүргізбек

Ресейлік кәсіпкер Дмитрий Стрежнев Челябинск облысында орналасқан "Урал" автозауытындағы активтерін компания басшылығына сатты. Бұл туралы "Интерфакс" жазды.Мәліметті зауыттың баспасөз қызметі де растады."Урал" – 2022 жылдың 17 желтоқсанынан бері Еуропалық одақ санкция тізіміне енген ресейлік компаниялардың бірі."Интерфакс" дереккөзіне сілтеме жасап, Стрежнев бизнесін Өзбекстан мен Қазақстанда жалғастыруға ниеттеніп отыр деп жазды. Мәліметке қарағанда, ол бұл елдерде ауыл шаруашылығы және жол құрылыс техникаларын, сонымен бірге оларға қажетті тетіктерді дамытумен әрекеттенуді жоспарлап жатыр.Forbes журналы рейтингісіне сәйкес, Стрежнев 2021 жылы 750 миллион доллар байлығымен Ресейдің ең бай адамдарының тізімінде 167-орынға орналасқан.Ресми мәлімет бойынша, Батыс елдері Ресейге санкция салғаннан кейін Өзбекстанда орыс кәсіпкерлерінің қатысуындағы компаниялар саны көбейген. 2023 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында Өзбекстанда орыс капиталы қатысқан 243 кәсіпорын ашылған.Бұдан бөлек соңғы үш айдың ішінде Ресей Өзбекстан ең көп тауар экспорттаған елге айналған. Жылдың алғашқы тоқсанында Өзбекстан Ресейге 736,2 миллион долларға, Түркияға 336,4 миллион долларға және Қытайға 334,1 миллион долларға тауар экспортталған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 сәуір 2024