Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

А.Әміртаев: «Қазақстан АЭС энергиясына мұқтаж»

kaz.365info.kz

А.Әміртаев: «Қазақстан АЭС энергиясына мұқтаж»

Қазақстанның BAYTAQ жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев еліміз АЭС энергиясына зәру деп санайды. Оның айтуынша, заманауи атом электр станциясы қауіпсіз әрі ыңғайлы. Әміртаев үндеуінде былтыр Дубайда өткен саммитте АҚШ, Еуропа, Оңтүстік Корея, Жапония т.б. экономикасы мықты дамыған елдер бірауыздан АЭС салуды қолдап отырғанын жеткізді. «ХХІ ғасырда атом энергиясы – басты энергия көзі, экологиялық таза энергия. Себебі қоршаған ортаны қорғауда АЭС-нан басқа жол жоқ. Көмір отыны энергиясының ауаға шығарылым қалдығы үлкен. Мысалы, Теміртау, Балқаш, Алматы, Астанада таза ауа жоқ. АЭС энергиясы таза жасыл энергия деп санаймыз, мұны халыққа жеткізгіміз келеді. Атом энергия станциясы бұл ғылымның жетістігі, сол арқылы осы бағыттағы барлық ғылыми институтты дамытуымыз керек», – дейді Әміртаев. BAYTAQ жасылдар партиясының төрағасының айтуынша, АҚШ-та 99 атом электр станциясы бар. Ал Жапония мен Оңтүстік Кореяның қалалары шағын станцияға толы. Бұл ретте, елімізде осы бағытты дамытуға мүмкіндік мол. Себебі уран өндіруде әлемдік көшбасшы саналсақ та, қазір тек шикізат ретінде сатумен шектеліп отыр. Оны өңдеп электр қуатын ретінде саудаласақ, бюджеттің бүйірін толтырар еді. Әрі АЭС салудан қорқудың қажеті жоқ дейді. «ХХ ғасырда белгілі бір себептен туындаған апаттар болған шығар, бірақ қазір кемшіліктер жойылған. АЭС су-су энергетикалық реакторы технологиясын пайдаланады. Ал бұл технологиясымен жасалған реактордың біреуінде апат болмаған. Сонымен қатар, АЭС уранды байыту 4-5%, ол ешқандай жарылысқа әкелмейді. Биыл күзде АЭС салу туралы референдум өтеді, сол кезде халқымыз дұрыс таңдау жасау керек», – деп сөзін түйіндеді спикер үндеуінде.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
13 қыркүйек 2024