СҚО-да 25 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды
СҚО прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қадағалаушы орган жыл басынан бері мемлекетке жалпы сомасы 497 млн теңге болатын жер учаскесін қайтарды. Мысалы, Тайынша және Уәлиханов аудандарында кәсіпкерлер Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаған. Нәтижесінде меншік иелерінен жалпы ауданы 25,1 мың га жер қайтарылды.
«Қадағалау шаралары арқылы сот тәртібімен жер мемлекетке қайтарылды және бүгінде заңды экономикалық айналымға тартылып жатыр. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады», - деді өңір прокурорлары.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
21 желтоқсан 2024