Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алтын құймаларға инвестиция саларда нені ескеру керек

ktk.kz

Алтын құймаларға инвестиция саларда нені ескеру керек

– Алтын құйма сенімді инвестиция құралы саналады. Қаптамасы бүтін болса, екінші деңгейлі банктер (ЕДБ) және банкке жатпайтын айырбастау пунктері құймаларды қайта сатып алып, клиентке сол күні ақшасын төлейді. Бұл – алтын құймасы нарығындағы өтімділікті сақтап тұратын басты фактор. Алтынға инвестиция салған кезде, алтын бағасы өзгеріп отыратынын, яғни өсуі де, түсуі де мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Демек, инвестициялаудың кез келген түрі сияқты, алтынға байланысты инвестицияларда да толыққанды ескерілуі қажет тәуекелдер бар, - делінген Ұлттық банктің жауабында.

Өлшенген құймалардың құны Лондонның бағалы металдар нарығына қатысушылар қауымдастығы (LBMA) бір троя унциясы үшін АҚШ долларымен белгілеген алтынның таңертеңгі фиксингіне және теңгенің АҚШ долларына ресми бағамына байланысты болады.

Өлшенген құймалардың бағасы күн сайын өзгеруі мүмкін. Бұл ретте ЕДБ және банкке жатпайтын айырбастау пунктері өлшенген құймалардың бағаларын өздері белгілейді.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 қаңтар 2025