Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Картоп бағасы тұрақтанды, өсуіне еш тәуекел жоқ – АШМ

zhambylnews.kz

Картоп бағасы тұрақтанды, өсуіне еш тәуекел жоқ – АШМ

Ауыл шаруашылығы министрлігі картоп бағасының айналасындағы дүрбелеңге қатысты тағы да түсінік берді. — Бұл жерде жергілікті әкімдіктер барлық сауда жүйесімен бірлесіп жұмыс істеп анықтады. Бүгінгі күні баға тұрақтанды, картоп бағасының өсуіне ешқандай тәуекел жоқ, — деп қысқа қайырды Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков Мәжіліс отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып. Айта кетсек, еліміздің Сауда және интеграция министрлігі хабарлағандай, картоп бағасын тұрақтандыру барысында 49 заң бұзушылық анықталды. Еске салайық, елімізде картопты өзге елдерге экспорттауға 6 айға шектеу қойылды. Сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігі картоп қоры ішкі қажеттілікті толық қамтамасыз етуге жеткілікті екенін мәлім етті.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
22 қаңтар 2025