Ақылы жолдар неге көбейіп жатыр

— Ақылы жолдар тек республикалық тас жолдарда енгізілген. Өздеріңіз білесіздер, былтыр көптеген үлкен жоба аяқталды. Қарағанды-Алматы, Талдықорған-Өскемен, сонымен қатар Ақтөбе-Астрахань бағыттарындағы жолдардың жұмысы толықтай бітті. Бұл жолдар баяғыда 2 жолақты, ІІІ техникалық санаттағы жолдар болса, бүгінде І санатқа ауыстырылды, яғни 4 жолақты жолға ауысып отыр. Атап айту керек, ақылы жолдардың барлығы — қайта жаңартудан өткен және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген жолдар, — дейді Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің басқарма басшысы Ғабит Шымырбаев.
Министрлік өкілі елімізде ақылы жолдар неге көбейіп жатқанын түсіндірді.
— І санаттағы жолдарды жыл бойы күтіп ұстау үшін қомақты қаражат керек. Республикалық бюджетке ауыртпалық түсірмей, жолдардың шығыны өзін-өзі жабу үшін ақылы жолдар енгізіледі, яғни ақылы жолдан түскен қаражат толығымен сол жолдарды күтіп ұстауға жұмсалады. Бұл жұмыстар кейін де жалғасады. Үкімет отырысында да осы мәселе талқыланды. Биыл жоспар бойынша 4000 шақырымға дейін ақылы жолдар іске қосылады, — деді Ғабит Шымырбаев.
Айта кетейік, елімізде І техникалық санаттағы жалпы ұзындығы 2 161 км болатын 11 ақылы учаске бар. Ал ІІ және ІІІ техникалық санаттағы 7 учаскенің ұзындығы — 1 514 км.
Еліміздегі ақылы жолдардың тізімі:
1. Астана — Щучинск (2013 жылдан бастап)2. Астана — Теміртау (2019 жылдың қаңтарынан бастап)3. Алматы — Қорғас (2019 жылдың қаңтарынан бастап)4. Алматы — Қонаев (2019 жылдың қаңтарынан бастап)5. Астана — Павлодар (2021 жылдың 23 қарашасынан бастап)6. Тараз — Қайнар (2021 жылдың 23 қарашасынан бастап)7. Шымкент — Қызылорда (2021 жылдың 23 қарашасынан бастап)8. Шымкент — Тараз (2021 жылдың 23 қарашасынан бастап)9. Шымкент — Өзбекстан шекарасы (2021 жылдың 23 қарашасынан бастап)10. Қонаев — Талдықорған (2021 жылдың 23 қарашасынан бастап)11. Щучинск — Көкшетау (2021 жылдың 23 қарашасынан бастап)12. Павлодар-Қалбатау (2023 жылы 8 қазанынан бастап)13. Бейнеу-Ақжігіт (2023 жылы 9 қазанынан бастап)14. Орал-Самара (2023 жылы 10 қазанынан бастап)15. Павлодар-Омбы (2023 жылы 14 қазанынан бастап)16. Көкшетау-Петропавл (2023 жылы 16 қазанынан бастап)17. Орал-Саратов (2023 жылы 1 желтоқсанынан бастап)18. Қызылорда-Арал учаскесі (2025 жылғы 26 қаңтардан бастап).
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
12 наурыз 2025