Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Атырауда бес қабатты үй отқа оранды

ktk.kz

Атырауда бес қабатты үй отқа оранды

Полиция қызметкерлері үйді қоршауға алды. Атырауда бес қабатты үйден өрт шықты. Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, 15 ақпанда сағат 17:22-де Өтемісов көшесіндегі бес қабатты үй өртеніп жатқаны туралы хабар түскен. Өрт сөндірушілер жеткен кезде үйдің шатыры толық жанып жатқан. Мамандар бірден 30 тұрғынды қауіпсіз жерге көшіреді. "Сағат 19:18-де 600 шаршы метр аумақтағы өрт ауыздықталды. 19:28-де өрт сөндірілді", - деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге 35 адам мен 8 техника жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері үйдің аумағын қоршауға алды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 мамыр 2024