Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны 2 мыңнан асты

baq.kz

Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны 2 мыңнан асты

Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Ауруларды бақылау жәна профилактика орталықтарының ұйымы (KCDC) хабарлады. Бұған дейін Оңтүстік Корея эпидемиологиялық қауіпті үшінші деңгейден төртінші "қызыл" деңгейге ауыстырған болатын. KCDC мәліметтеріне қарағанда, жаңадан жұқтырғандардың ішінен 182 адам Тэгу қаласында тіркелді. Кёнсан-Пукто провинциясында 49 адам, қалғандары басқа аудандарда жұқтырған. 13 адам қайтыс болып, 26 адам сауықты. 24 751 адамның анализдері тексеріліп жатыр. Сондай-ақ, әскери қызметкерлер арасында 25 адам жұқтырған. 700-ден астам адамның коронавирус жұқтыруы "Синчхончжи" сектасымен байланысты болып отыр.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024