Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шымкентте 22 адам белгісіз сұйықтықтан уланып қалды

ktk.kz

Шымкентте 22 адам белгісіз сұйықтықтан уланып қалды

Леңгір тас жолы бойында жүк автокөлігі жанып, 800 литрлік металл бөшкеден сары түсті белгісіз сұйықтық төгілген. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің күшімен автокөлік қауіпсіз аумаққа шығарылды.

«Оқиға орнында болған құзырлы мекеме қызметкерлері ластанған жерлерді залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді», - делінген Шымкент қаласы ТЖД баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Оқиға салдарынан 22 адам дәрігердің көмегіне жүгінген. 13 адамды жедел жәрдем бригадалары жеткізсе, қалғандары өз күшімен ауруханаға келген. Зардап шеккендердің арасында 2021 және 2023 жылдары туған екі бала бар.

«Белгісіз бу мен түтіннің токсикалық әсерінің жеңіл және орта дәрежесі диагнозымен 22 адам дәрігер көмегіне жүгінді. 8 адамда орта дәреже болғандықтан стационарлық көмек көрсетілді. Жағдайының жақсаруына байланысты түсте түскен науқастар кешкісін стационардан шығарылды. Қалған науқастарға қабылдау бөлімінде көмек көрсетіліп, амбулаторлы учаскелік дәрігерлердің бақылауына жіберілді. Балалардың жағдайы жақсы. Олар үйлеріне қайтарылды», - деді Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығының бас дәрігері Мадина Ермаханбетова.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
7 мамыр 2024