Маңғыстауда жол бойынан ер адамның денесі табылды
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бекет ата жерасты мешітінен 40 шақырым қашықтықтан 30-40 жас аралығындағы белгісіз ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. Ведомстваның хабарлауынша, 28 шілде күні 102- қызметіне ер адамның денесі табылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына Қарақия ауданының жедел тергеу тобы жіберілген. «Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай жүйесіне тіркелді. ҚР Қылмыстық кодексінің «кісі өлімі» бабы бойынша іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалған. Тергеу жүріп жатыр» деп хабарлады департаменттен.
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
27 сәуір 2024
27 сәуір 2024
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар