Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматы тауларында екі бойжеткен жарақат алды

inform.kz

Алматы тауларында екі бойжеткен жарақат алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының құтқарушылары тауға шығатын туристерді, дайындықсыз жорықтар қауіп-қатерге толы екенін ескертеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «109» қызметінің мәліметінше, өткен жұма күні құтқарушылар тауда жарақат алған екі бойжеткенді құтқарды. Бір күнде екі жағдай тіркелген. «7 тамыз күні түскі уақытта Көкжайлау ауданында 16 жастағы қыз құтқарылды. Ол таудан төмен қарай түсіп келе жатқан кезде тепе-теңдікті жоғалтып, қол-аяғын жарақаттап алған. Сол күні кешке «109» құтқару қызметіне тағы 18 жастағы бір қыз хабарласты. Ол «Мыңжылқы» стансасында жарақат алған», - делінген құтқару қызметінің хабарламасында.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024