Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Елордада электроника дүкенінен қымбат смарт-сағат ұрланды

inform.kz

Елордада электроника дүкенінен қымбат смарт-сағат ұрланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Электроникалық дүкенге келген 26 жастағы жігіт витринадан қымбат смарт-сағатты ұрлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Белый ветер» электроника дүкеніне келген жас жігіт сатушының жоқтығын пайдаланып, витринадан құны 230 мың теңгелік «Apple watch» смарт-сағатын ұрлап кеткен. Осыдан кейін кедергісіз дүкеннен шығып, із суытып кеткен. «Полиция қызметкерлері 26 жастағы елорда тұрғынын ұстады», - деп хабарлайды қалалық полиция департаментінен. Қолсағат ұрлаған жас жігіт осылайша бірнеше сағаттың ішінде ұсталды. Кінәсін мойындаған айыпкер қымбат гаджетті дүкенге қайтарып берді. Қазіргі уақытта ол ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (ұрлық) бойынша айыпқа тартылған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024