Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Оралда жантүршігерлік жол апаты болды

baq.kz

Оралда жантүршігерлік жол апаты болды

Оқиға 3 қазан күні кешкісін Деркөл ауылында болды. Жедел жәрдем сағат 20.06-да шақырылды. Алдын ала мәлімет бойынша, жол апаты салдарынан жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған бір жасар бала әжесімен бірге облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Сондай-ақ тағы 6 адам жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған. 35 жастағы ер адамның оған қоса жамбасы сынған. 43 жастағы ер адам омыртқа тұсынан сынық жарақатын алған. 27 жастағы ер адамның сол жақ иығы сынған. Мас күйінде болған 30 және 31 жастағы ер адамдар бетінен, басқа да жерлерінен жарақат алған. 31 жастағы әйел адам мойын тұсынан сынық жарақатын алған. Ашық бас-ми жарақатын алған 30 жастағы ер адамның миына зақым келген.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 мамыр 2024