Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жалған дипломмен сабақ берген 12 мұғалім ұсталды

aikyn.kz

Жалған дипломмен сабақ берген 12 мұғалім ұсталды

Жыл басынан бері облыста жалған құжатпен білім ордаларында қызмет жасаған 12 «педагог» ұсталған. Құжатты заңсыз жолмен жасатқан «педагогтар» математика, қазақ тілі және басқа да пәндерден сабақ беріп келген. Мәселен, осы жылдың 16 қазанында полиция қызметкерлері Ақмола облысындағы ауылдарының бірінен 31 жастағы әйел адамды ұстады. Оның ауылдағы жалпы білім беретін орта мектепке орналасу үшін аудандық білім бөліміне ЖОО тәмамдағаны туралы жалған құжат ұсынғаны анықталды. Ауылда мұғалім болып қызмет атқарған күдікті жалған құжат жасату үшін қыруар қаражат жұмсапты. Облыста жалған құжатпен жұмыс істеген 12 «педагог» те екі жылдан астам уақыт сабақ берген.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024