Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шығыс Иерусалимде қақтығыс толастамай тұр

24.kz

Шығыс Иерусалимде қақтығыс толастамай тұр

Шығыс Иерусалимде палестиналықтар мен Израиль полициясы арасында қақтығыс толастамай тұр.Кеше түнде қаладағы Ескі Шаһарда тағы наразылық шеруі өтті. Оған қалалық соттың Шейх-Джарах ауданынан палестиналықтарды күштеп көшіру туралы шешімі түрткі болған.Шерушілерді тарату үшін полиция күш қолданып, 200-ге жуық адам зардап шекті. Осыған байланысты бас прокурор мәселені жоғарғы сотта тыңдау ісін кейінге шегеруді сұрады.Ал сотқа шағымданушылар «палестиналықтар үйлерін еврей қауымдастығына тиесілі жерлерде салды» деп отыр.Палестиналықтар болса, бұл «Израильдің жаулап алған жерлері» деп уәж айтады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 сәуір 2024