Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Басына кастрөл кептеліп қалған бүлдіршін құтқарылды

kz.otyrar.kz

Басына кастрөл кептеліп қалған бүлдіршін құтқарылды

Бас құтқарушы К.Нұсқабаевтың жетекшілігімен құрамында 4 маман бар құтқару тобы көрсетілген мекенжайға келеді. Бүлдіршін жарақат алмаған, бірақ басын ұстатпай жылай береді. Құтқарушылар келген кезде балақай жылағаннан шаршап, ұйықтап кетіпті. Құтқарушылар өсімдік майын жағып, ақырын қимылдап, 15 минуттың ішінде бүлдіршіннің басынан кастрөлді шешіп алды. Операциясы сәтті аяқталды, қыз баласы зардап шеккен жоқ. Осыған орай төтенше жағдай департаментінің мамандары ересектерден балаларға абай болуды сұранады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024