Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қарағанды тас жолында автобус өртеніп кетті

ktk.kz

Қарағанды тас жолында автобус өртеніп кетті

Қарағанды-Егіндібұлақ тас жолында автобус өртенді. Автобус вахта жұмысшыларын тасымалдаған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, жолаушылар мен жүргізуші көліктен шығып үлгерді. Зардап шеккендер жоқ. Өртенген автобустың суреті әлеуметтік желіде пайда болды. "31 қазан 15:46-да Қарқаралы ауданында "Қарағанды-Егіндібұлақ" тас жолының 30-шы шақырымында автобустың өртенгені туралы хабарлама келді. Автобустың өртенген жалпы аумағы 24 шаршы метр. Өрт 17:37-де сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп делінген облыстық ТЖД хабарламасында. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына электр сымының қысқа тұйықталуы себеп болған. Бізді
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 мамыр 2024