Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда бойжеткенді өлтіріп, өртеп жіберген

aikyn.kz

Алматыда бойжеткенді өлтіріп, өртеп жіберген

Әуел баста әлеуметтік желіде Алматыда қызды өлтіріп, артынша өртеп жібергені туралы ақпарат тарады. Жазбада оқиға «Латифа» тұрғын үй кешенінде болғаны айтылады. Алматы қаласының полиция департаменті кісі өлімін растады. Полиция бұл фактіні Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Іс Медеу ауданының полиция басқармасында қаралып жатыр. «Арнайы жедел тергеу тобы құрылды. Күдіктінің жеке басы анықталды. Оны ұстау үшін кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар жәбірленушінің жеңіл жүрісті әйел болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қылмыстың мән-жайы мен себебі анықталып жатыр», – дейді полицей.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 мамыр 2024