Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда 5 автобустың әйнегін таспен шаққан жасөспірімдер жазаланды

turkystan.kz

Алматыда 5 автобустың әйнегін таспен шаққан жасөспірімдер жазаланды

Полицияға Алматы қаласының Алатау аудандық автокәсіпорын басшысы арыз түсіріпті. Арызда бір ай ішінде белгісіз біреулер №25 бағыттағы бес автобустың әйнегін шағып кеткені айтылған. «Тексеру барысында бұзақылар анықталды. Олар қала мектептерінің бірінің 7 және 9-сынып оқушылары болып шықты. Біздің ауданда тұрады. Балалар әрекеті үшін олардың ата-анасы ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы «Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық» бойынша жауапкершілікке тартылды. Бұл норманың санкциясы 7 АЕК көлемінде айыппұл салуды көздейді», – деді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы полковник Ілияс Өмірсеріков. Сонымен қатар жасөспірімдердің ата-анасына да түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 мамыр 2024