Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шымкентте адам саудасы ушығып тұр

inform.kz

Шымкентте адам саудасы ушығып тұр

Ranking.kz порталының мәліметінше, 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында елімізде адам саудасына байланысты 81 құқық бұзушылық тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда бірден 37,2 пайызға аз. Қылмыстардың басым бөлігі жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысу үшін притон ұйымдастыруға немесе ұстауға байланысты болды: 44 жағдай. Ал бір жыл бұрын мұндай 75 құқық бұзушылық тіркелген еді. Тағы 11 жағдай адам саудасына, 9 жағдай кәмелетке толмағандар саудасына, 8 жағдай кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеуге, 6 жағдай жезөкшелікпен айналысуға тартуға, 3 жағдай қанау мақсатында заңсыз бас бостандығынан айыруға қатысты болды. Өңірлер арасында адам саудасына байланысты құқық бұзушылықтар Шымкентте жиі тіркелді: 17 жағдай. Қалада өткен жылмен салыстырғанда мұндай құқық бұзушылық 2,1 есе көбейген. Екінші және үшінші орында Астана (13 құқық бұзушылық, бір жылда 18,2 пайыз) және Алматы (12 құқық бұзушылық, минус 40 пайыз) болды. Сонымен қатар алғашқы бестікке Қостанай (7 құқық бұзушылық, 40 пайыз) және Қарағанды (5 құқық бұзушылық, минус 28,6 пайыз) облыстары да кірді. Ұлытау және Ақтөбе облыстарында бір де бір құқық бұзушылық тіркелмеген. Ашық көздерден алынған фото
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024