Алматыда әжетханадан табылған сәбидің анасы сотталды

Алматы қалалық сотының мәліметінше, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта кәмелетке толмаған сотталушы К.-ның өзінің жаңа туған баласын өлтіруге оқталу (ҚР Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі және 100-бабы) бойынша іс жабық тәртіппен қаралды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. «Сот үкімімен кәмелетке толмаған К. кінәлі деп танылып, оған 8 ай бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды»,- деді қалалық соттан. Үкім заңды күшіне енді. Еске салайық, 25 тамызда түнде қаланың Түрксіб ауданында жаңа туған нәрестені құтқаруға арналған арнайы іс-шара өтті. Түрксіб аудандық полиция басқармасының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторы Нұржан Шатуновтың айтуынша, сағат екіде кәмелетке толмаған қыздың түсік тастағаны туралы хабар берілген. Полицей дәретхана шұңқырынан шақалақты алып шықты. 2022 жылдың қазан айында дәрігерлер баланың жансақтау бөлімінде 12 күн жатқанын және осы уақыт ішінде барлық қажетті тексерулер жүргізілгенін айтты. Нәресте балалар үйіне жіберілді.
- Соңғы
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
13 мамыр 2025
13 мамыр 2025
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар