Алматылық әйел ұлын өлтіріп, артынан өзіне қол жұмсады

Алматы полициясы 1981 жылы туған әйелдің 2011 жылы туған ұлын өлтіріп, оған бірнеше рет пышақ жарақатын салып, кейін өз-өзіне қол жұмсағанын хабарлады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша тіркелді. "Сол күні әйелдің бұрынғы күйеуіне аудио хабарлама жолдап, оның ішіне жын кіріп, оның қолымен ұлын өлтіргенін хабарлағаны анықталды. Біраз уақыттан кейін ер адам бұрынғы әйелінің үйіне келіп әйел мен ұлының денесін тапты», - деп хабарлады полиция. Ер адам бұрынғы жұбайының соңғы айларда психикалық ауытқушылықпен ауырғанын айтты. Дереккөз: tengrinews.kz Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
13 мамыр 2025
13 мамыр 2025
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар