Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Иранның стратегиялық нысандарында жарылыс болғаны хабарланды

azattyq.org

Иранның стратегиялық нысандарында жарылыс болғаны хабарланды

Жексенбіге қараған түні Иранның әскери инфрақұрылым нысандарында бірнеше жарылыс болды, деп хабарлады Иран ақпарат құралдарына сүйенген BBC Орыс қызметі.ИРНА агенттігінің жазуынша, Иранның Шығыс Әзербайжан провинциясында Шахид-Салими қаласында мотор майын өндіретін ірі зауыт өртенген.Tasnim агенттігі Исфаханда оқ-дәрі шығаратын әскери зауытқа дрондармен шабуыл жасалғанын хабарлады.Иран батысында Дизфуль қаласындағы авиабазада да жарылыс болғаны, елдің батысындағы Хамадан және солтүстіктегі Решт қаласында да жарылыс пен өрт болғаны хабарланды.Тегеран қаласында да жарылыс естілген. Жергілікті тұрғындар үкімет ғимараттарына шабуыл жасалғанын айтқан. Куәгерлер Тегеран әуесіне ұшақтар көтерілгенін айтты.Әзірге қаза болғандар мен жараланғандар туралы мәлімет жоқ.Иран қорғаныс министрлігі Исфаханда оқ-дәрі зауытына дронмен шабуыл жасалғанын растаған."28 қаңтарда түнгі сағат 23:30 шамасында қорғаныс министрлігі орталықтарының біріне дронмен сәтсіз шабуыл жасалды. Біреуін әуе шабуылынан қорғайтын жүйе атып түсірді, екеуі қорғаныс қақпанына түсіп, жарылды" деп жазылған ведомство хабарламасында.Иран билігі шабуылдаған дрондардың қай елге тиесілі екенін айтпады.Арабтың Al Arabiya телеарнасы "Израиль Иран аумағында әскери нысандарды жою мақсатында арнайы операция бастады" деп хабарлаған. Израиль жағы мәлімдемеге түсініктеме бермеді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024