"Офицер сарбаздың атынан несие алған" - 19 жастағы Алмас Шахимовтың ліміне қатысты тың деректер жарияланды

Былтыр 9 тамыз күні Алматыдағы «Ұлттық ұланның» 5571 әскери бөлімнің 19 жастағы сарбазы Алмас Шахимовтың өліміне қатысты мәліметтер табылды. Сарбаз әскерде жүрген кезінде офицеріне өзінің атынан несие алғаны белгілі болды. Бұл туралы «Еуразия» арнасының «Koremiz» бағдарламасында айтылды. Бұған дейін әскерилер сарбаз Алмас Шахимов полигонда құмды дауылдың салдарынан қаза тапқан деген болатын. Бірақ медициналық тексеріс нәтижесінде, марқұм сарбаздың денесінен 3 пышақ және 23 дене жарақаты анықталған. «Ұлттық ұланның» сарбазы 19 жастағы Алмас Шахимов Отан алдындағы борышын Алматыда төрт-ақ ай өтейді. 4 айдан кейін үйіне суыт хабар келеді. Алмас Шахимов әскер қатарында жүрген кезінде офицері Алмастың атынан несие алады», – деді «Koremiz» бағдарламасының жүргізушісі, журналист Руслан Өтепбай.
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
13 мамыр 2025
13 мамыр 2025
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар