Бірнеше жыл Шыңжаң лагерінде болған Қытай қазағы отбасына оралды

Қытайдың Қазақстандағы елшілігі мен консулдығы алдында наразылық жасағандардың бірі Гүлнұр Қосдәулеттің күйеуі Сәрсенбек Әкбар 8 ақпанда кешке Алматыға келді. Шамамен үш жыл – Қытай лагерінде, екі жыл үйқамақта болған азамат кемінде алты жыл көрмеген отбасымен қауышты. Күйеуінің елге оралғанын Гүлнұр Қосдәулет Азаттыққа растады. Бірақ ол қысымнан қорқып, ақпарат құралдарына сұхбат беруден тартынды.Әлеуметтік желіде тараған видеода Сәрсенбек Әкбардың отбасымен жылап көріскені көрінеді.Гүлнұр Қосдәулетпен бірге Қытайдағы туысын босатуды талап етіп жүргендердің бірі Гауһар Құрманәлиеваның айтуынша, Сәрсенбек Әкбар 8 ақпанда Қорғас кеден бекеті арқылы Қазақстанға өткен. Гауһардың айтуынша, бұл іске Қазақстан сыртқы істер министрлігінің Үрімжідегі өкілдігі араласқан.Гүлнұр Қосдәулет бір жарым жылдан астам уақыт бойы Шыңжаңда қалған күйеуін қайтаруды талап етіп, Қытайдың Алматыдағы консулдығы алдында өзге азаматтармен бірге наразылық жасаған. Кейде консулдық алдына мүгедек арбасына таңылған кәрі енесін де бірге алып барып жүрді. Қытайдың да, Қазақстанның да билік орындарына бірнеше рет арызданған.Қытайда "саяси лагерьде" қамауда отырғандардың кейбірі бұған дейін де босап, Қазақстанға келген. Бірақ олардың өздері және туыстарының барлығы қысымнан қорқып, ақпарат құралдарына сұхбат беруден бас тартып келеді.(Ақпарат толықтырылады).
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
13 мамыр 2025
13 мамыр 2025
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар