Шыңжаң түрмесінде отырған Қытай қазағының қаза болғаны хабарланды

Қытайдың Шыңжаң аймағында абақтыда отырған дін зерттеушісі Бақытхан Мырзан 61 жасында қаза болды. Бұл туралы Азаттық оның туыстарына сілтеме жасап хабарлады.Мырзанның қаза болғанын тіркелмеген "Нағыз Атажұрт еріктілері" қозғалысының белсендісі Серікжан Біләш те Twitter'де жазды.Осыған дейін Бақытхан Мырзанның қарындасы Алмахан Мырзан Қытайдың Алматыдағы консулдығы алдында талай рет пикетке шығып, ресми Пекинді ағасын босатуға және Қазақстанға келуіне рұқсат беруге шақырған.Қытайдың Қазақстандағы елшілігі Мырзанның қаза болғаны жөніндегі хабарға қатысты ешқандай пікір білдірмеді.Алмахан Мырзан ағасы 2018 жылы діни рәсім атқарғаны үшін 14 жылға сотталғанын айтқан. Қытайда тұратын туыстары Бақытхан Мырзанның денсаулығы нашарлап кеткенін айтып, үйқамаққа босатуды сұраған.Қытайдың Шыңжаң өлкесінде байырғы кезден бері тұратын қазақ, ұйғыр, қырғыз және өзге мұсылман ұлт өкілдерінің "саяси лагерьлерге" жаппай қамалғанын халықаралық адам құқығын қорғау ұйымдары мен әлемдік баспасөз жиі жазып келеді.БҰҰ есебінше, Қытай билігі Шыңжаңда 2017 жылдан бері лагерьлер ашып, бір миллион ұйғыр, қазақ және басқа да мұсылмандарды қамаған. Оларға Қытай заңдары мен коммунистік партияны дәріптейтін өлеңдерді жаттатқызып, қытай тілін оқытқан.Зерттеушілер Пекин Шыңжаңдағы халық санын азайту үшін әйелдерді стерилизациялап, түсік жасатқанын мәлімдеген. Лагерьден шыққан әйелдер ол жерде сақшылар зорлағанын, ал ер адамдар қамауда азапталғанын айтқан. Адам құқығын қорғайтын халықаралық ұйымдар мен Батыс елдері Пекинді Шыңжаңдағы мұсылмандарға "геноцид" жасады деп айыптады.Саяси лагерьлерді "кәсіпке баулу орталығы" деп, ал Шыңжаңда жүргізіп отырған саясатын "экстремизммен күрес" деп атайтын Қытай билігі әлгіндей айыптауларды үзілді-кесілді жоққа шығарғысы келеді. Батыс елдері мен БҰҰ өкілдерін Шыңжаңға кіргізуден бас тартқан Пекин мемлекеттік ақпарат құралдарынан Шыңжаңдағы "бақытты өмірді" көрсетуге тырысады.
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
13 мамыр 2025
13 мамыр 2025
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар