«13 жерден пышақтаған»: Астанада әйеліне ашуланып, мешіт имамының сау-тамтығын қалдырмаған ер адам көпті шошытты

Көпшілік имамды вахабист болған деген қауесет таратуда, деп хабарлайды Caravan.kz. Сұмдық жайт туралы қаланың полиция департаменті хабарлады. Белгілі болғандай, 1990 жылы туған Жібек Жолы ауылының тұрғыны әйелімен ұрысып қалып, елордалық мешітке барған. Ол мешітте әйелімен шариғат жолымен ажыраспақ болған. «Ашу үстінде келіп, намаз оқып жатқан имамға пышақ ұрған. Ер адам ұсталды, Астана қаласы ПД Алматы ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі күні тергеу жүріп жатыр», — деп мәлімдеді ведомствоныңбаспасөз қызметі. Сондай-ақ, қазіргі таңда имамның ауруханаға жатқызылғаны әрі жағдайы ауыр екені хабарланады. Ал күдіктінің әйелі үйде отырып, суицид жасамақ болып, сірке суын ішкен. Бүгінгі күні ол Астанадағы 1 қалалық ауруханасына жатқызылған.
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
11 мамыр 2025
11 мамыр 2025
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар