Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Талдықорғанда 1218 пәтер заңсыз берілген

baq.kz

 Талдықорғанда 1218 пәтер заңсыз берілген

Тұрғын үй бөлімінің бірнеше маманы сот санкциясымен үйқамаққа алынды. Өзге деректер тергеу жүріп жатқандықтан жария етілмейді, - дейді мамандар. Қазіргі таңда қылмыстық іс Талдықорған қаласының акиматының лауазымды тұлғаларына қатысты жүргізілуде. Оның ішінде бірнеше адам тұрғын үй бөлімінің қызметкерлері қазіргі таңда күдікті ретінде танылған. 2013 - 2021 жылдар аралығында болған жағдайлар олар. Сол аралықта бірнеше пәтерді заңсыз шеттету фактілері бойынша айып тағылды, - деді Жетісу облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті тергеу басқармасының басшысы Айдос Жетпісбаев. Біз бұл жұмысты негізінде алдыңғы жылы күзге дейін бітіруіміз керек болатын. Халыққа да сөйтіп есеп бергенбіз. Бірақ мұның былайша айтқанда масштабын көрмедік. Қазіргі таңда масштабы үлкен болып отыр. Осыған байланысты жұмыс ауқымы да көбейіп отыр. Талдықорған қаласының әкімшілігі, біздің прокуратура бар облыстық, қалалық прокуратура және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті өкілдері де бар. Осы үш мекеме болып осы мәселенің анық-қанығына жету мәселелерін анықтап жатырмыз, - деді Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаев.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024