Жамбыл облысында ауыл әкімін пышақтап кетті

Оқиға 24 наурызда болған. Белгісіз ер адам әкімді жұмыс орнында пышақтаған. Әкім ауруханаға жатқызылды. Аудандық полиция қызметкерлері 42 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Медициналық сараптама нәтижесінде ұсталған азаматтың алкогольдік және есірткілік мас күйде болғаны анықталды. "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды, - делінген хабарламада. Күдіктінің 2013 жылға дейін Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығында «шизофрения» диагнозымен есепте тұрғаны белгілі болды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
13 мамыр 2025
13 мамыр 2025
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар