Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ресейде пропагандист Прилепин отырған көлік жарылды

azattyq.org

Ресейде пропагандист Прилепин отырған көлік жарылды

Ресейдің Нижний Новгород қаласында жазушы, пропагандист Захар Прилепин отырған Audi Q7 көлігі жарылды. Бұл ақпаратты бірінші болып 112 және BRIEF Телеграм-арналары хабарлады. Кейін жарылыс туралы Ресейдің мемлекеттік ТАСС агенттігі жазды.Полиция "Нижегород облысында көлік жарылғанын" растады. Ресми мәлімет бойынша, бір адам қаза болған, Прилепиннің өзі жараланған. Жарылыстан басқа ешкім зардап шекпеген. Кей ақпарат құралдары қаза болған адам Прилепиннің жүргізушісі болғанын жазды.Ресей тергеу комитеті жазушы көлігіндегі жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғаған. Ведомство қастандықты теракт ретінде зерттеп жатыр."Прилепинге қастандық жасады деген күдікті ұсталды" деп хабарлады Ресей ІІМ өкілі Ирина Волк.Ақпарат құралдары мен тергеу комитеті оқиға орнынан сурет-видео жариялады. Онда көліктің әйнегі мен бөлшектері 30 метр радиустРесей ақпарат құралдарының жазуынша, Прилепин Мәскеуге емдеуге жіберілген. Оның жағдайы ауыр, миы шайқалған және денесінің сынған жерлері бар деп хабарланды.Жарылысты украин және Қырым татарларының "Атеш" әскери қозғалысы мойнына алған. Қозғалыстың Телеграм-арнасында сол туралы жазба пайда болды. Бұл ақпаратты растайтын тәуелсіз дереккөз табылмады."Құқық қорғау органдары оқиғаның жай-жапсары мен себептерін анықтап жатыр. Захардың жағдайы қалыпты" деп мәлімдеді Нижегород облысының губернатор Глек Никитин.РБК-ның жазуынша, жазушы Донбастан Мәскеуге қарай келе жатқан. Нижегород облысында жолшыбай тамақ ішуге тоқтап, содан көлікке қайта мінген кезде болған. Басылымның жазуынша, Прилепин дәмханада отырған кезде жарылғыш затты көліктің капотына орнатқан болуы мүмкін.Baza Телеграм-арнасының хабарлауынша, Прилепиннің көлігі Бор қаласынан 50 шақырым жерде жарылған. Жазушының жанында қызы болған. Ол жарылыс болмай тұрып бірнеше минут бұрын көліктен шығып кеткен.Baza және Shot Телеграм-арналарының жазуынша, Нижегород облысында "Перехват" жоспары енгізілген, оқиға орнына жақын маңда блокпост орнатылып, көліктер тексеріле бастаған."Верстка" басылымының жазуынша, қаза болған Прилепиннің күзетшісінің лақап аты - "Злой". 27 жастағы Александр Шубин Луганск облысында туған. Донбаста сепаратистік қозғалыстар басталғалы бері Сурков–Прилепин батальнында қатардағы жауынгер болған.Захар Прилепин – ресейлік жазушы. Ол Украинаның шығысында ресейшіл сепаратистер жағында соғысқан. Ол сонымен бірге "Әділетті Ресей – Шындық үшін" ("Справедливая Россия — За правду") партиясы жетекшілерінің бірі. Былтыр күзде оның Росгвардия құрамында Украинадағы соғысқа қайта кеткені хабарланды.Прилепин бұған қоса мәдениет саласындағы "Ресейге қарсы әрекеттерді зерттеу тобын" да құрған. Аталған топ "шетелдің ықпалына ұшыраған агенттердің" тізімін жасаған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024