Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қырғызстанда құрықталды

almaty-akshamy.kz

Қырғызстанда құрықталды

Бішкек қалалық ішкі істер басқармасы халықаралық іздеуде жүрген шетелдіктің ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабымен қозғалған қылмыстық іс бойынша халықаралық іздеу жарияланған 1993 жылы туған шет мемлекет азаматының Бішкек қаласының аумағында жасырынып жүргені туралы ақпарат түсті, – делінген Бішкек қалалық ішкі істер басқармасының мәлімдемесінде.

Онда ер адамның бас бостандығынан айыру жазасын өтеуден жалтару бабы бойынша іздеуде жүргені атап өтілген. Нәтижесінде тәртіп сақшылары оның орнын анықтап, ұстаған. Қазір қылмыскер уақытша ұстау изоляторында.

«Кейін экстрадициялау және Қырғыз Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өту фактісіне құқықтық баға беру мәселесі шешілетін болады», – делінген ақпаратта.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024