Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ереванда полиция бөлімшесіне қарулы адамдар басып кірді

ktk.kz

Ереванда полиция бөлімшесіне қарулы адамдар басып кірді

Оқиға орнына полицияның қосымша күштері, жедел жәрдем және төтенше жағдайлар қызметі, Армения полициясының арнайы жасағы аттанды. Алаң қоршауға алынды.

ТАСС тілшісінің хабарлауынша, қолына гранатаға ұқсас зат ұстаған белгісіз біреу Армения премьер-министрі Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап етіп есік алдына шығып, қайтадан ғимаратқа кіріп кеткен.

Армения ІІМ баспасөз хатшысы Нарек Саркисян бұл ақпаратты растады.

Оның айтуынша, полиция бөлімшесіне басып кірген үшеудің екеуі гранатаның жарылуы салдарынан жарақат алған.

«Шабуыл жасаған үш адам болды, олардың екеуі өз гранатасының жарылуы салдарынан жараланды. Біреуі әлі станцияда. Оны залалсыздандыру шаралары жүргізіліп жатыр», - деді ол.

Алдын ала мәлімет бойынша, шабуыл салдарынан полиция қызметкерінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Кейін Армения Ұлттық қауіпсіздік қызметінің арнайы жасағы шабуылдаушыны ұстады.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024