Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда бизнес орталық өртенді

ktk.kz

Алматыда бизнес орталық өртенді

Әлеуметтік желіде «Кең дала» бизнес орталығында 8-қабаттың өртенгені туралы видео тарады. Онда өрттің 9-қабатқа таралу қаупі бар екені, келушілердің ғимараттан сыртқа шығарылғаны жазылған.

Алматы қалалық ТЖД-ның мәліметінше, 29 наурызда сағат 10:04-те ТЖД күштері мен құралдары Медеу ауданына, Достық даңғылы, 38 мекенжайына жіберілді.

«Оқиға орнына келген сәтте 9 қабатты бизнес орталықтың 8-қабатында 30 шаршы метр аумақта өрттің шыққаны анықталды. Өрттің 9-қабатқа таралу қауіпі болды. Тілсіз жау сағат 10:24-те оқшауланып, 10:39-да толық сөндірілді», - деп хабарлады ТЖД өкілдері.

Келушілер ғимараттан сыртқа шығуға үлгеріп, қауіпсіз жерге орналасты. Зардап шеккендер жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024