Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Маңғыстауда теңіз жағасынан қырық итбалықтың өлексесі табылды

ktk.kz

Маңғыстауда теңіз жағасынан қырық итбалықтың өлексесі табылды

Өңірлік балық инспекциясының басшылығы арнайы құрылған мониторинг тобы Түпқараған ауданына аттанғанын мәлімдеді, деп жазады kazinform.

Басқарма басшысының міндетін атқарушы Андрей Рудский кеше түнгі уақытта теңізден соққан жел кезінде жағаға қырық итбалықтың өлексесі шығып қалғанын атады. Осыған байланысты Түпқараған аудандық балық инспекциясының өкілдері мен жергілікті әкімдіктің жұмыс тобы теңіз жануарының ұшасын жинастырып жатыр.

«Балық инспекциясының инспекторларынан құралған комиссия оқиға орнына жетті. Олардың арасында экология департаментінің мамандары жұмыс істеуде. Итбалық өлекселерінің жағаға шығып қалуына солтүстік-батыстан тоқтаусыз соққан жел себеп болды. Көп жағдайда итбалықтар теңізде өліп қалады. Денесі табиғи ыдырау процесі кезінде су бетінде қалқып, жағаға шығып қалады. Көбіне итбалықтардың өлуіне ауа температурасы, су жылынған жағдай себеп болады, — деді Андрей Рудский.

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024