Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ресейде бес адам белгісіз заттан уланып өлді

ktk.kz

Ресейде бес адам белгісіз заттан уланып өлді

«Бес адамның өліміне байланысты РФ Қылмыстық Кодексінің 109 бабы, 3 бөлігі бойынша (абайсызда екі және одан да көп адамды өлтіріп алу) қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада.

Астрахань тұрғындары өлімінің алдын ала себебі - белгісіз заттан улану.

«РФ ТК Тергеу басқармасының баспасөз қызметі сонымен қатар Астрахань облысына жақын орналасқан қала мен аудандардың 14 тұрғынының ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Олардың 11-інің жағдайы ауыр және қазіргі уақытта ауруханада жатыр», - делінген хабарламада.

Тергеу органдарының нұсқасы бойынша, 2024 жылдың 9-шы мамыры күні Советский және Трусовский аудандарының бірнеше жерінде және көлік ішінде 18 бен 40 жас арасындағы әйелдер мен ерлердің денесі табылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, олардың барлығы да есірткін тұтынған.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 мамыр 2024