Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Павлодарда кеме капитаны суға батып кетіпті

newsroom.kz

Павлодарда кеме капитаны суға батып кетіпті

Павлодар облысында суға батып кеткен кеме капитанын іздеу жұмысы жүруде, деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап .

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 8 мамырда 23:25-те Павлодар облысы ТЖД ДЖБ-да 102-ден Аққулы ауданының Шабар ауылы маңындағы Ертіс өзенінде кеме капитаны суға батып кетті деген хабар келіп түскен.

9 мамырда оқиға орнына 4 сүңгуірші жіберілді. Бір тәулікте жұмыс нәтиже бермеді. Іздестіру жұмысын су деңгейінің көтерілуі, қатты жел мен өзен ағыны қиындатып отыр.

Таң атқанда сүңгуірлер іздеу-құтқару жұмыстарын қайта жалғастыратын болады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 мамыр 2024