Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Адам бауыздап, жайбарақат демалып отырған». Павлодарда еркекті бауыздап өлтірген күдікті қамауға алынды

kaz.365info.kz

«Адам бауыздап, жайбарақат демалып отырған». Павлодарда еркекті бауыздап өлтірген күдікті қамауға алынды

Павлодарда тапа-тал түсте ер адамды бауыздап өлтірген күдікті қамауға алынды. Қанды қылмыс көпқабатты үйдің ауласында болған. Екі адамның жанжалдасып, кейін күдіктінің пышақ сілтеген сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Қаскөй жәбірленушінің арқасы мен кеуде тұсына суық қару жұмсапты. Ауыр жарақат алған ер адам қансырап жерге құлағанында, күдікті оны бауыздап тастайды. Бірақ қаныпезер қылмыс орнынан ізін суытуға асықпаған. Пышағын қолында ұстаған күйі полицейлер келгенше осы маңда отырыпты. Қатыгездікпен жасалған қылмысқа көршілері де куә болған. Алайда ешқайсысы араша түспеді. Қазір қасқана адам өлтірген күдікті қамауға алынып, қылмыстың жай-жапсары тергеліп жатыр. «Күдікті ұсталып, Павлодар қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстың мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады», – деді Павлодар ПБ бөлім бастығының орынбасары Жарас Ибраев.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 қыркүйек 2024