Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Ішіне жын кірген»: Түркістанда екі баласын тұншықтырып өлтірген мұғалім сотталды

kaz.365info.kz

«Ішіне жын кірген»: Түркістанда екі баласын тұншықтырып өлтірген мұғалім сотталды

Түркістанда 2 және 4 жастағы балаларын тұншықтырып өлтірген әйел 15 жылға сотталды. Сотталушы Бота Хамитқызы сот барысында өз кінәсін мойындады. Бастауыш сынып мұғалімінің қылмысқа бару мотиві күйеуімен болған жанжал дейді судья. 15 күн басқа қалада жұмыс істеп, 15 күн демалатын Хамитқызының жолдасы үйіне мүлде келмегесін арада жанжал шыққан екен. Хабарламадағы бұл сөздер қылмыстық істе тіркелген. Осылай деген Дәурен Мадалиев сотталушы қылмысты алдын ала жоспарлап жасағанын айтады. «Бота Хамитқызы қылмысты алдын ала жоспарлап істеген. Алдымен 4 жасар қызын, сосын 2 жасар ұлын тұншықтырып өлтірген келіншек соңында бастапқы сөзінен айнып кетті. Есінде ештеңе қалмағанын айтып, жауапқа селқос қараған әйел соты алқабилер қатысуымен өтті. Және олар жаза мерзімінің 15 жыл болуына дауыс берді», – деді Түркістан облыстық қылмыстық істеп жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Дәурен Мадалиев. Бота Хамитқызының адвокаты сотталушының психикалық ауытқуы барына сенімді. Қазақшалап айтқанда, «ішіне жын кірген» деген заңгер мұғалімнің берген жауаптары сәт сайын құбылып отырғанын айтады. Және бұған дейін бір айға үйінен шығып кететін кездері де болған екен. «Өз жауабында қорғауымдағы азамат құлағына біреулердің «өл, өлтір» деп сыбырлағанын айтты. Көзіне үнемі елес көрінетінін жеткізді. Балалары да құбыжық болып елестеген дейді. Біз үкіммен келіспейміз. Апелляцияға береміз», – деді Айнагүл Рүстемова. Соттағы психикалық сараптама 31 жастағы келіншектің ақыл-есі дұрыс деген шешімге келген. Еске салсақ, 7 ақпанда Түркістанның жалдамалы пәтерлерінің бірінен екі жас баланың денесі табылды. Кейбір мәліметтер бойынша оларды анасы жастықпен тұншықтырып өлтірген. Ол балаларын өлтірейін деп жатқанын жақындарына айтқан.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 маусым 2024