Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда аттракционнан құлап мерт болған әйел туған қызын тұншықтырған

kaz.365info.kz

Алматыда аттракционнан құлап мерт болған әйел туған қызын тұншықтырған

Алматыдағы Горький саябағында әйел адам айналмалы дөңгелектен құлап, көз жұмды. Бұл туралы видео әлеуметтік желіде тарады. Видеоны жолдаған адамның ақпараты бойынша, оқиға шамамен 16:00-де болған. Әйел жедел жәрдем жеткенше қайтыс болды. 24 маусымда Алматыда Горький атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында жас ана өз-өзіне қол салып, мерт болды. Алматы облысының полиция департаменті қайғылы оқиға туралы мәлімдеді. Полиция мәліметінше, тәртіп сақшылары қыз баланың денесін де тапқан. «Кәмелетке толмағанның өлім фактісі бойынша тергеу амалдары қолға алынды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – деді полициядан. Бұған дейін денсаулық сақтау басқармасы жас келіншектің қаза тапқанын растап, оның жедел жәрдем көлігі келгенге дейін оқиға орнында жан тапсырғанын нақтылаған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 маусым 2024