Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Әйелін қызғанып бауыздап тастаған

kaz.365info.kz

Әйелін қызғанып бауыздап тастаған

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша әйелін өлтірген В.-ға қатысты үкім шығарды. Сотта анықталғандай, Мәртөк ауылында 2024 жылдың 21 маусымында түнгі уақытта өз үйінің ауласында сотталушы мен әйелі екеуінің арасында сөзге келіспеушілік туындап, сотталушы алкогольдік масаң күйде қызғаныш сезімінен әйелінің шашынан ұстап, оның мойын тұсына пышақпен 1 рет соққы жасаған. «Соттың үкімімен В. кінәлі деп танылып, оған 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі жоғары мекемесінде өтеу белгіленді. Сотталғаннан жәбірленуші өкілінің пайдасына моральдық өтемақы есебіне 10 000 000 теңге өндірілді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», – делінген хабарламада.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 қыркүйек 2024