Ақмола облысында вагондар рельстен шығып кетті
Ақмола облысында орналасқан Сұрған станциясында электровоз бен вагондар рельстен шығып кетті,- деп хабарлайды newsroom.kz
Оқиғаның мән-жайын ҚТЖ" ҰК" АҚ мәлімдеді.
"9 қазан сағат 17-ден 40 минут өткенде Есіл – Құсмұрын учаскесінің Сұрған станциясында электровоз бен жүк вагондарының рельстен шығуына жол берілді. Құрбан болғандар жоқ. Апат салдарын жою үшін қалпына келтіру пойыздары жұмылдырылды. Оқиға себептерін тексеру үшін комиссия жіберілді"- деді "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
21 желтоқсан 2024