Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Оралда автокөлік өртеніп, жүргізуші күйіп қалды

ktk.kz

Оралда автокөлік өртеніп, жүргізуші күйіп қалды

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 31 желтоқсан күні Зачаган кентінде болды.

- Жәңгір хан көшесі 35/2-мекенжайында «Беркут» автогаз құю станциясы аумағында Kia Rio автокөлігі отқа оранды. Өрт сағат 15.21-де оқшауланып, 15.28-де сөндірілді. Оқиға орнына 12 адам 3 техникамен барды. Зардап шеккен жүргізуші ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады ведомстводан.БҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, денесінің 20 пайызын күйік шалған 1987 жылғы ер адам қалалық көпбейінді аурухананың политравма бөлімшесіне жатқызылды. Жағдайы орташа дәрежеде ауыр. Қажетті емін алып жатыр.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 қаңтар 2025