ҰҚК арнайы операциясы: Астана мен Қосшыда терроризмді насихаттағандар ұсталды
Тінту барысында тұрғын үйлерінен діни материалдар мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленген. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 256, 259 және 405-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті еліміздің оңтүстік облыстарынан Астанаға есірткі тасымалдайтын аймақтық арнаның жойылатынын хабарлаған болатын. Есірткілер Қазақстанның солтүстік өңірлеріне көтерме және бөлшек саудада таратуға арналған.
Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
30 қаңтар 2025