Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қарағандыда дәрігерлердің қателігінен 13 жастағы бала қайтыс болды

kaz.365info.kz

Қарағандыда дәрігерлердің қателігінен 13 жастағы бала қайтыс болды

Қарағандыда қайғылы оқиға болды. 13 жастағы Дамир Бұлымбаев жедел жәрдем оны бірнеше рет алып кетуден бас тартқаннан кейін қайтыс болған. Оның анасы төрт рет жедел жәрдем шақырғанымен көмек кеш келген. Фельдшерлер бала өтірік істеп отыр деп, үшінші рет шақырған кезде тіпті елемеген. Бала жедел жәрдемді төртінші рет шақырған кезде ауруханаға жеткізіліп, артынша қайтыс болған. Дамирдың туыстарының сөзінше, ол бұған дейін тұмауратқан. Дәрігер жазып берген ем бойынша емделіп жүрген, аптаның соңына қарай жағдайы түзеле бастаған. Сенбі күні емханаға тексерілуге келіп, ондағылар мектепке бара беруіне болатынын айтқан. Баланың жағдайы одан ары нашарлай бастаған: дем алуы қиындап, аяғын сезе алмай, анасына: «Мен өлгім келмейді» деген. Анасы фельдшерді тағы шақырғанында бұл дәріден емес деп айтқан. Үшінші рет хабарласқанда оның қоңырауын ешкім қабылдамай қойған. Осылайша анасы ауруханаға баласын өзі апармақ болады, алайда ұлын көтере алмай қойған. Төртінші рет жедел жәрдем шақырған кезде бригада отыз минуттан кейін келіп, баланың жағдайын көріп, преднизолонды еккен. Бала шұғыл ауруханаға жеткізілді, бірақ реаниматологтың сөзінше, тамыр соғысы тоқтап қалған. Дәрігерлер оны аман алып қалу үшін бір сағаттай арпалысқанымен, Дамирды құтқару мүмкін болмаған. Туыстары Дамир үйде немесе ауруханада қайтыс болғанын түсінбей отыр. Бұл жағдайдан кейін Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасында тергеу басталды. «Арнайы сарапшылар тобымен тәуелсіз комиссия құрылды. Медицина қызметкерлері тарапынан кеткен қателіктер анықталды. Кінәлілер жауапқа тартылатын болады», – делінген ресми мәлімдемеде. Дамирдың туыстары егер дәрігерлер оны дер кезінде ауруханаға алып кеткен болса аман алып қалуға болар еді деп отыр. Олар кінәлілерді жауапқа тартуды талап етіп отыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 ақпан 2025