Австралиядағы нөсердің арты тасқынға айналып, елді қолтырауындар басты
CNN Үкімет басшысы Энтони Албанезге сілтеме жасай отырып, табиғи апат Солтүстік Квинсленд жағалауының көп бөлігіне әсер еткенін және Ингем қаласы мен жақын маңдағы Таунсвилл қаласы қатты зардап шеккенін хабарлады.
"Су деңгейі тез көтерілуде, бізді қауіпті су тасқыны күтіп тұр. Егер дер кезінде эвакуацияланбасаңыздар, апаттық-құтқару қызметтері сізді құтқара да алмай қалуы мүмкін", – деп ескертті Таунсвиллдің жергілікті апаттарды басқару тобының өкілдері.
Сондай-ақ, жергілікті билік қолтырауындар бұрын көрмеген жерлерде пайда болуы мүмкін екенін ескертті. Әлеуметтік желіде "жолдардың қалай өзенге айналғанын" бейнелейтін кадрлар тарап жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
3 ақпан 2025