Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматы облысында 26 жастағы қызды өлтіріп, атынан несие алған

kaz.365info.kz

Алматы облысында 26 жастағы қызды өлтіріп, атынан несие алған

Екі айдан аса іздестірілген 26 жастағы қыздың мәйіті Алматыдағы Кеңсай зираты маңынан табылды. Марқұм Айша Хамитті өзі жақын араласып келген жігіті пәтерде қылқындырып, қылмысын жасыру үшін денесін сөмкеге салып айдалаға апарып тастаған. Қазір полицейлер 19 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Қаскөй кінәсін толық мойындаған, тіпті қызды мәжбүрлеп несие алғызғанын да растапты. 26 жастағы Айша Хамит былтыр қарашада үйінен туған күн кешіне барамын деп шығып, сол күйі оралмаған. Десе де оның телефонынан жақындарының хатына жауап келіп отырыпты. «19 жастағы бала екен, есімі Нұрмахан. Несие алдыртқан, сомасы да үлкен. Екі миллионнан асу керек, біздің білуіміз бойынша. Қайтармаймын дегеннен кейін, Айша айтқан: «Ата-анама айтамын, полицияға арызданамын». Бұл сол жерде, пәтерде өлтірген», – дейді марқұмның әпкесі Әсия Хамит. Қара жамылғандардың айтуынша, күдікті жігіт марқұмды алдымен пәтерде буындырып өлтірген. Кейін денесін полиэтиленге орап, сөмкеге салған. Сөйтіп мәйіт салынған сөмкені Кеңсай зираты төңірегіндегі саяжайға тиесілі жерге, қарға көміп кетіпті. «Ауру әпкесін емдеймін деп, TikTok-тан алаяққа кезігіп қалады. Сонымен барған кезде, жаңағы балдызы екен, көмекшісі боп жүрген, сөйтіп танысып қалады. Кеше біз сүйекті алып шыққан кезде, төрт жігіт әрең көтердік. Ең кемі, қыздың салмағы 60 келі. Ал анау, 19 жастағы жігіт ол 60 келі денені жалғыз өзі көтеріп жүре алмайды», – деді марқұмның нағашысы Табиғат Әлібек. 26 жастағы Айша отбасының жалғыз асыраушысы болған. Аудандық мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріпті. Қазір полиция 19 жастағы күдіктіні қолға түсірген. Қаскөй қолмен жасаған қылмысын толығымен мойындапты.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 наурыз 2025