Анталья–Астана бағытындағы ұшақ қазақстандықтардың қатысуымен болған төбелеске байланысты шұғыл түрде қонды

Анталиядан Астанаға ұшатын Pegasus Airlines авиакомпаниясының жолаушылар ұшағы жолаушылар арасындағы төбелес салдарынан Эрзурум әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
TRTHaber ақпаратынша, 2025 жылғы 14 ақпанда ұшу кезінде украиналық ерлі-зайыптылар мен қазақстандық екі әйел арасында жанжал болған. Жанжалдың арты төбелеске ұласты. Ушыққан жағдайға байланысты ұшқыш Эрзурумға қонуға шешім қабылдады. Онда төртеуі де ұшақтан түсірілді.
Оқиға қатысушыларын медициналық тексерістен өткізу үшін ауруханаға жеткізді, артынша полиция бөліміне апарды. Қарсыластар бір-біріне шағым түсірді. Жанжалдың басталу себебі белгісіз.
Деструктивті жолаушылар түсірілгеннен кейін ұшақ өз жолын жалғастырды.
Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
12 наурыз 2025